Ссылки доступа

Тәжіктер палау мен Нигина Амонкулованы жақсы көреді


Z-Analytics Group сұраған адамдардың 14% осы әншіге дауыс берген.

Танымалдық рейтингінде екінші орынды Зиёвиддин Нурзод (6%) иеленді. Үшінші орында 3% дауыс жинаған үш бірдей орындаушы - Садриддин Наджимиддин, Афзалшо Шоди және Нозияи Кароматулло.

Сауалнама барысында оған қатысушылар 167 әншінің есімін атаған. Әрбір алтыншы респондент ешқандай орындаушыны ұнатпайтынын айтқан.

Сауалнама телефон арқылы 2015 жылдың 24 желтоқсанынан 2016 жылдың 14 қаңтары аралығында өткен. Ел бойынша 900-ден астам адамнан жауап алынған.

Бірнеше жыл бұрын «Зеркало» сараптама орталығы да тәжік орындаушыларының танымалдығын анықтаған еді. Ол кезде де Нигина Амонкулова ең сүйікті әнші ретінде танылған болатын. Ол 15% дауыс жинап, елдегі ең сүйікті он орындаушының көшін бастады.

Бұл жолғы сауалнамада ең танымал тәжік тағамдарының да рейтингі жасалды.

Тәжіктер әлі күнге палауды ерекше жақсы көретін боп шықты. Сұрау салғандардың 44 пайызы осы тағамға даусын берген. Алғашқы үштікке сонымен бірге шурбо және манты енді.

Қуырылған етке сұралғандардың 5 пайызы дауыс берсе, кәуапты жақсы көретіндердің саны небары 2,5 пайыз болған.

Шакароб және курутоб секілді тәжіктің ұлттық тағамдар рейтингте «аутсайдерлер» қатарында қалды.

XS
SM
MD
LG