Ссылки доступа

Түркия Анкарадағы терактіге күрд көтерілісшілерін айыптайды


Түркияның қауіпсіздік кеңесі Анкарада болған терактіге байланысы бар деген тоғыз адамды ұстады.

Түріктің ақпарат көздері жарылысты жасаған 1992 жылы туған Сирия азаматы деп хабарлайды. Ал бұл уақытта сириялық күрдтер терактіге қатысы барын жоққа шығарады.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу "Халықтық өзін-өзі қорғану отряды" (YPG) мен "Күрдістанның жұмысшы партиясын" 28 адамның өліміне әкелген Анкарадағы жарылысты ұйымдастырды деп айыптайды. Ол бұл жөнінде 18 ақпанда, бейсенбі күні мәлімдеді.

Түрік үкіметінің басшысы теракті үшін жауапкершілікті сириялық күрдтерді қолдайтын Сирия президенті Башар Асад режиміне артты.

XS
SM
MD
LG