Ссылки доступа

Душанбеде танымал кәсіпкерге қастандық жасалды


Өткен түнде Душанбенің орталығындағы Исмоили Сомони ауданында, "Наврузгох" комплексінің жанында тәжіктің танымал кәсіпкері "Зафар жарлы" деген атпен белгілі Зафар Азимовты өлтіріп кеткен.

Ішкі істер министрлігінің ақпарат көзі өткен түнде екі бизнесмен "Зафар жарлы" мен "Эмом Хубак" деген атпен белгілі Эмом Максудов арасында ерегіс туған.

Ақпарат көзінің айтуынша, бүгін "Зафар жарлының" денесі оның туған жері Хамадониге жөнелтіледі, марқұм сонда жерленеді.

ТР ІІМ баспасөз қызметі қылмыстық іске байланысты бірнеше күдікті ұсталды деп хабарлайды.

XS
SM
MD
LG