Ссылки доступа

Қадыров футболшыға көмек ұсынды


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркиядағы футбол матчы кезінде Ресей президенті Владимир Путиннің суреті бейнеленген теркөйлегін көрсеткені үшін жазаланған ресейлік ойыншыға шешен футбол командасында жұмыс істеуді ұсынды.

Қадыров Инстаграм әлеуметтік желісіне «Шешенстанның футбол командасы - «Терек» ойыншы Дмитрий Тарасовты сатып алуға дайын.», - деп жазып қалдырған. Қадыров «Теректің» құрметті президенті боп табылады.

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы 16 ақпан күні Стамбулдағы Түркия құрамасына қарсы ойында Путиннің суреті бар жейдешені киіп шыққан Тарасовты саяси ұран жазылған киім киюге тыйым салған ережені бұзғаны үшін айыптады.

Қадыров сонымен бірге,Тарасов «Терекке» ауысқысы келмесе, шешен клубы оған салынған айыппұлды төлеп беруге дайын екенін хабарлады. Тарасовқа оның клубы - «Локомотив» 300 мың евро көлемінде айыппұл салған.

XS
SM
MD
LG