Ссылки доступа

Ауғанстанда Тәжікстаннан электр тасымалдайтын желі бағаны зақымданды


Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан провинциясының билігі өткен түнде тәлібтердің Тәжікстаннан Кабулға тартылған электр желісінің тағы бір бағанын жарып жібергенін хабарлады.

Бұл Тжәкстаннан ауған астанасына жеткізілетін электр желісінің бағанын зақымдаудың осымен екінші оқиғасы

Бағлан провинциясының энергетика басқармасының жетекшісі Гуломхусайн Хайдар жарылыстан зақымдалған бағанның құламай қалғанын және ол арқылы электр тасымалдаудың тоқтамағанын хабарлады.

Бұл аралықта Өзбекстаннан Кабулға электр қуатын тасымалдайтын электр желісі бағандарын жөндеу жалғасуда.

"Брешно" компаниясының баспасөз хатшысы Вахидулло Тавхиди Тәжікстаннан 100 мегаватт электр қуаты келетіндіктен, ауған астанасын электр қуатымен қамтамасыз ету жартылай шешілгенін хабарлады. Оның айтуынша, ауған билігі Тәжікстан басшылығына елге тасымалданатын электр қуатын 150 - 180 мегаваттқа өсіруді сұрап, ресми хат жолдаған.

Өзбекстаннан келетін электр желісі бойынша Кабулға 250 мегаватт қуат жеткізілетін.

Ауған билігі осылай өтініш жасап отырған Тәжікстанның өзінде энергетикалық дағдарыс туған. Былтырғы жылдың қазан айынан бері, аудан және ауыл тұрғындары үшін электр қуатын тұтынуға шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG