Ссылки доступа

Қазақстанның несие рейтингі төмендеді


Standard & Poor’s (S&P) рейтинг агенттігі  Қазақстан,Оман, Бахрейн және Сауд Арабиясының несие рейтингтерін мұнай бағасының құлдырауына байланысты төмендетті

Қазақстанның несие рейтингі «қоқыстық» мәртебесімен шектесетін екі сатыға төмендетілген, ал Ресейдің рейтингі «қоқыстық» деңгейдің жоғарғы сатысында қалды.

Wall Street Journal елдердің деңгейін қайта қарауға мұнай бағасына қатысты болжам әсер еткенін хабарлайды. Соңғы болжамдар бойынша, Brent маркалы мұнайдың баррелі 2016 жылы 40 доллар және 2018 жылы 50 доллар болады. S&P мамандары қаңтардың басындағы Катар, Ресей, Сауд Арабиясы және Венесуэланың мұнай өндіру көлемін шектеу туралы шешімі мұнай баррелінің құнына «айтарлықтай ықпал» ете алмайды деп санайды.

S&P ​"Қазақстанда мұнай саласынан түсетін табыс ЖІӨ 20 пайызға жуығын, салық табысының 50 пайызын және экспорттың 60 пайызын құрайтынын" айтады. S&P сарапшылары "2016 ЖІӨ өсуі тоқтайды немесе біраз қысқарады,бірақ алып оффшорлық Қашаған кен орны мерзімінен бұрын іске қосылса мұнай өндіру мен оның экспорт көлемі өсуі мүмкін", - деп санайды. Wall Street Journal басылымының жазуынша, S&P сонымен бірге, экономиканы "жандандыру" үшін 14,5 миллиард доллар қаржы құю көзделсе де, үкімет 2016 және 2017 жылдары салық тапшылығынан құтылмайды деген пікірде.

XS
SM
MD
LG