Ссылки доступа

АҚШ пен Ресей Сирия жөнінде келісімге келуді нақтылауда


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ресейлік әріптесі, сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Сириядағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімге келуге таяп қалдық деп мәлімдеді.

Керридің сөзінше, мәселе қантөгісті тоқтатуға байланысты уақытша келісім жақын күндері іске асуы тиіс. Керри бұл мәлімдемесін Амманда Иордания сыртқы істер министрімен өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.

Керри сөзінде АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин Сирия мәселесін жақын күндері талқылайтынын және келісімнің соңғы мәтінін нақтылайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG