Бұл жөнінде сыртқы істер министрлігі хабарлайды.
Марқұмның денесі республика үкіметінің көмегімен жеткізіліп, ұлына берілген.
Светлана Күлбаеваға 4 ақпанда Үрімшіде улы ине салу арқылы өлім жазасын орындаған. Ол 2010 жылдың күзінде жүк тауарынан 7 килограмм есірткі табылып, ұсталған.
Алдын дәл осындай жазаға 51 жастағы Тәжікстан азаматы Хасан Юсуфов та тартылған еді. Оның денесі Душанбеге Үрімшіден 3 ақпан күні жеткізілген.