Ссылки доступа

Азия чемпионатындағы қырғыз балуандарының жеңісі


Қырғыз спортшылары Бангкокте (Тайланд) өткен Азия чемпионатында күрестен үш алтын, екі күміс және бес қола медальді жеңіп алды.

Каныбек Жолчубеков пен Жанарбек Кенжеев грек-рим күресі бойынша континент чемпиондары болса, әйелдер арасындағы күрестен Айсұлу Тыныбекова алтын медаль иегері атанды.

Күрестен Азия чемпионаты Бангкокте 17 ақпан мен 21 ақпан аралығында өтті. Жарысқа континенттің 20 елінен спортшылар қатысты.

Грек-рим күресі бойынша Қырғызстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, сарапшы Алмаз Касенов қырғыз балуандарының ойындарына жоғары баға беріп, 2007-2008 жылдардағы жетістіктермен салыстырды.

Грек-рим күресі бойынша Азия өкілдерінен Олимпиадаға жолдама алу турнирі 26-30 наурыз аралығында Астанада өтеді. Қырғызстандық балуандар арасында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға тек Арсен Эралиевтің ғана жолдамасы бар.

XS
SM
MD
LG