Ссылки доступа

Қадыров жөнінде баяндама басталар сәтте, бомба бар деген қоңырау шалынды


ПАРНАС партиясының тең төрағасы Илья Яшин Шешенстан президенті Рамзан Қадыров жөнінде баяндамасын бастар сәтте полиция ғимаратта бомба бар деген хабарлама келді деп, залды тез арада босатуларын сұрады.

Саясаткер де әлдекімдердің ғимаратта бомба бар деп қоңырау шалғанын растады. Ол байбалам салудың қажеті жоқ екенін айтты.

Баяндама жасалар алдында Мәскеудегі ПАРНАС партиясының кеңсесінде бейтаныс адам жалған доллар купюрын лақтырған.

ПАРНАС партиясының тең төрағасы Илья Яшин Борис Немцовтың қайтыс болғанына бір жыл толуына байланысты Шешенстан президенті Рамзан Қадыров жөнінде арнайы баяндама әзірлеген еді. 60 беттік баяндамада Қадыровтың кім екені жан-жақты жазылған.

XS
SM
MD
LG