Ссылки доступа

Facebook'те жаңа функция пайда болды


Facebook әлеуметтік желісі бүгіннен бастап жаңа құралды енгізеді. Сол арқылы қолданушы жарияланған материалға өзінің көзқарасын білдіре алады.

Әңгіме жаңа бес белгі жайында. Олар "ұнайды" белгісін толықтырады. Енді желіні қолданушылар "ұнайдыдан" басқа өздерінің басқа сезімдерін білдіре алады.

Wired сайтының жазуынша, "ұнайдыға" баламаны Facebook бір жыл бұрын бастаған. Ұзақ талқыға салынған. Алдын dislike (ұнамайды) нүктесін қоспақшы болған. Бірақ адамның эмоциясын білдіру жөнінде шешім қабылдаған. Жаңа смайликтер жөнінде Facebook'тің негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің парақшасында жариялады. Ол бүгіннен бастап барлық қолданушыларға қолжетімді болады.

XS
SM
MD
LG