Ссылки доступа

Вильнюсте Немцовтың атындағы көше немесе сквер пайда болады


Вильнюс қалалық кеңесі (сейм) ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың есімін көше немесе скверге беру туралы шешім қабылдады

Қалалық кеңес қабылдаған қарарда демократиялық Ресей үшін күрескен адамның атымен Литва астанасындағы көше немесе скверді атау Вильнюс қалалық басшылығының «еркін, ашық және демократиялық әлем жағында» екенін көрсететіні туралы жарияланған.

Немцовтың есімін тарихта қалдыру туралы Киев пен Варшава басшылығы да ойлап отыр.

Мәскеу билігі Кремльге жақын жердегі Үлкен Москворецк көпіріндегі Борис Немцов қаза тапқан жерде ескерткіш орнату туралы оппозиция ұсынысын қабылдамады. Ол жердегі халық орнатқан естелік тақтаны қалалық қызмет жұмысшылары үнемі алып тастайды, ал полиция оны қорғайтын белсенділерді тұтқындайды. Биылдың өзінде осындай төрт оқиға болды. 12- ақпанда «Ұлт-азаттық қозғалысының» өкілдері Нижний Новгородтағы Борису Немцов мемориалын талқандады.

Борис Немцов 2015 жылы 28 ақпанда өлтірілді. Саясаткердің өлімінің біржылдығына орай оппозиция Мәскеу мен Ресейдің өзге қалаларында еске алу шарасын өткізуді жоспарлауда.

XS
SM
MD
LG