Ссылки доступа

Ошта «Жібек жолы 2016» халықаралық көрмесі өтуде


Ош қаласында бүгін XII «Агро Экспо «Жібек жолы 2016» жыл сайынғы Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды.

Ош ұлттық драма театрындағы көрме аясында аграрлық технологиялар бойынша семинарлар мен «Агро Көкжиек» жобасы шеңберіндегі сессия жұмысын бастады.

Ұйымдастырушылар көрмені Орталық Азияның ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі жаңалық ретінде атайды. Бұл шараға ірі кәсіпкерлер, аграрлық техника мен технология өндірушілер, өзге де мамандар жиналады.

2015 жылы көрмеге 3 мыңнан астам адам қатысқан, фермерлер мен аграрлық кәсіпорындар арасындағы келісімшарт сомасы 6,9 миллион сомға жеткен.

Көрмені Қырғызстанның агробизнесмендерінің «Жер Азығы» қауымдастығы USAID қолдауымен ұйымдастырып отыр.

XS
SM
MD
LG