Ссылки доступа

Экс-президент Януковичтің аңшылық резиденциясы тоналды


Тонаушылар Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің аңшылық үйінен үш орындық, диван, төрт үстелден өзге дүниенің бәрін алып кеткен.

Украиндық тележүргізуші Денис Тарахотелик: "Үй талқандалған. Олар үйден қымбат эклеткроникадан бастап унитазға дейін қолдарына түскеннің бәрін тонаған.",- деп хабарлады

Бас ғимараттан бөлек, оның жанындағы екі үй тоналған, тіпті сауна кешендеріндегі қайың сабалауышқа дейін қолды болған. Тонаудан аман қалған жалғыз ғимарат – шағын шіркеу.

Бұрынғы президенттің қайғылы оқиғалармен танымал Межигорьедегі резиденциясынан 40 шақырым жерде орнадасқан аңшылық үйі 2015 жылдан бері қараусыз тұрды. Оны күзеткен "Киев-2" батальоны Шығыс украинаға жөнелтілген болатын.

XS
SM
MD
LG