Ссылки доступа

Сирияға қатысты уақытша бітім жөніндегі келісім бүгін түнде күшіне енеді


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін Сирия проблемасына қатысты АҚШ пен Ресей ұсынған резолюция жобасына дауыс береді.

Құжатта соғысып жатқан тараптардан 27 ақпаннан бастап (Мәскеу уақыты бойынша түнгі бірден бастап) ұрыстарды тоқтату жөнінде талаптар қойылған. Жобада сонымен бірге Сирия үкіметінің әскери күші мен оппозиция жасағы уақытша бітімге келу жөнінде келісім бар.

Өткен сенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ресейлік әріптесі, сыртқы істер министр Сергей Лавровпен бірге уақытша бітім жобасын алдын-ала талқылап, келісімге келгенін мәлімдеген.

12 ақпанда Лавров пен Керри Мюнхенде кездесіп Сирия кикілжіңін реттеу жөнінде келісім 19 ақпаннан бастап күшіне енеді деп мәлімдеген. Алайда келісім талаптары орындалмады.

XS
SM
MD
LG