Ссылки доступа

Қырғызстанда доллармен несие беруге тыйым салынды


28 ақпанда Қырғызстан Ұлттық банкінің ипотекалық және тұтынушы несиелерін АҚШ долларымен беруге тыйым салған шешімі күшіне енді.

Тыйым барлық коммерциялық банктер мен шағын қаржы ұйымдары үшін міндетті. Бұған дейін президент Алмазбек Атамбаев үкімет пен Ұлттық банкке тұрғындарды шетелдік валюта бағамының күрт өзгеруінен қорғау шараларын ойластыруды тапсырған болатын. Қаржы реттеуші орган мен үкімет доллармен берілген ипотекалық несиенің бір бөлігін бұрынғы бағаммен есептеп сомға ауыстырды. Ұлттық валютаның әлсіреуінен қиын жағдайға тап болған 2,8 мың борышкер үкіметтің бағдарламасына иек арта алатыны туралы хабарланған.

XS
SM
MD
LG