Ссылки доступа

Мәскеуде сәбиді өлтірді деген күдікті әйел қылмысын мойындады


Мәскеуде төрт жастағы баланы өлтірді деп күдіктеліп отырған күтуші әйел қылмысын мойындап, тергеушілерге оны қалай жасағанын айтып беруге келіскен.

Төрт жастағы сәбидің күтушісі болған Өзбекстаннан келген Гюльчехра Бобокулова тергеушілерге қылмысын мойындаған. Бұл жөнінде "Интерфакске" құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі мәлімдеген.

Дүйсенбі күні таңертең "Октябрьское поле" метросының станциясында қолында сәбидің басын ұстаған, қара киінген әйелдің "Аллах Акбар" деп айқайлап жүргені жөнінде хабар тарады. Ол өзін жарып жіберемін деп қауіп төндірген. "Комсомольская правда" басылымының жазуынша, ол өзін террористпін және жиһадшымын деп атаған. Федералды телеарналар бұл оқиға жөнінде ешқандай хабар таратпады.

Біраз уақыттан кейін әйел ұсталған. Одан жарылғыш зат таппаған. Әлеуметтік желіні қолданушылардың жазуынша, ол әйел метро станциясының жанында полиция ұстамас бұрын, бір сағаттай айқайлап жүрген.

Құқық қорғау органдары өлтірілген сәбидің ата-анасынан да күтуші әйел жөнінде сұрау алған. Олар Гюльчехра Бобокулованы ақыл-есі дұрыс деп атаған. Бірақ ол соңғы кезде күйеуімен ара-қатынасы салқындап кеткені жөнінде шағым айтқан екен.

XS
SM
MD
LG