Ссылки доступа

Қырғызстанда Узун-Акмат кенішінің өңделуіне қарсылар наразылық танытты


Қырғызстанның Чолпон-Ата ауданы, Токтогул ауданының тұрғындары кенішті өңдеуге қарсылық танытып, үкіметтен 5 наурызға дейін мәселені шешуге талап қойды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Узун-Акмат кеніші 50-жылдары бұл жерден уран табылғаннан кейін өңделіп, қайта тоқтап қалған. Ақпаратқа сәйкес, 18 гектар жерде 69 килограмм көлемінде алтын бар.

Ауыл тұрғыны Токтобубу Бобоева бұл кеніш өте қауіпті болуы мүмкін деп есептейді. Тұрғындар кеніште жұмыс басталған кезде, жер бетіне уран шығып, экологияға кері әсерін тигізеді деп қауіптенеді.

Жалал-Абад облысының ресми өкілі Мамасалы Акматов наразылық танытқан халықтың артында үшінші күш тұр деп ойлайды. Оның сөзінше, жергілікті билік кенішті өңдеуге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жалал-Абад облысында жер қойнын өңдеуге 39 компания лицензия алған. Олардың тоғызында мыңдаған адам тұрақты жұмыс істеп келеді. 2015 жылы облыста жер қойнауына қатысты 22 митинг өткен екен.

XS
SM
MD
LG