Ссылки доступа

Тәжік студенттеріне қатаң ескерту жасалды


Кез-келген экстремистік топтармен интернет арқылы байланыссаңдар, арты жақсы болмайды деп ескертеді студенттеріне Тәжікстанның Ислам университеті.

"Тәжікстанның Ислам университеті студенттерінің назарына" – деген ректораттың хабарламасы 29 ақпанда Facebook әлеуметтік желісінде жарық көрді. "Бізде студенттер өздерінің мобилды телефондары арқылы экстремистік топтардың және тыйым салынған Исламның жаңаруы партиясының бейнебаянын көреді деген ақпарат бар. Бұл заңды бұзу. Экстремистер мен террористердің видеосын көретін студенттер оқудан шығарылады, олардың үстерінен қылмыстық іс қозғалады" делінген хабарламада.

Тәжікстандағы Ислам университетінің проректоры Комилджон Саидолимов Озоди радиосына (Азаттық радиосының тәжік қызметі) берген сұхбатында хабарламаның интернетке таратқанын растады. Ол студенттердің экстремистік топтармен байланысқа шығуы расында қоғамды қатты алаңдатады деді.

Өткен аптада "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының бейнебаянына "лайк" басқан 14 жас ұсталып, олар тергеуге алынған болатын.

XS
SM
MD
LG