Ссылки доступа

АҚШ: Сириядағы бітімнің бұзылғаны туралы дерек жоқ


АҚШ соңғы бір тәулікте Сириядағы бітімді бұзуға байланысты айтуға тұрарлық оқиға туралы хабар алмаған.

Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Джон Кирби АҚШ пен Ресей арасындағы келісімнен соң өткен сенбіде күшіне енген Сириядағы атысты тоқтату туралы келісімнің орындалуына қатысты "алғашқы нәтижелердің үміт сыйлайтынын" мәлімдеді.

БҰҰ Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сириядағы бейбіт келіссөздердің әскери ұрыстарды тоқтату тәртібін толық қалыптастырып алу үшін, 9 наурызға шегерілгенін хабарлады.

Сирия президенті Башар Асад "бәрі жүзеге асуы үшін өзіне тиесілі міндеттемелерді толық орындайтынын" айтты. Ол сонымен бірге, қарсыластары толық қарусызданған жағдайда кешірім жариялайтынын мәлімдеді.

Ресей соңғы 24 сағатта Сирия аумағындағы бітімді бұзған 15 оқиға тіркелгенін хабарлады. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "террорлық топтарды" қамтамасыз етуді тоқтату үшін, Сирияның Түркиямен шекарасын мүлдем жауып тастауға шақырды.

Франция сириялық және ресейлік ұшақтардың көтерілісшілер қолындағы аумақтарды әуеден соққыға алып жатқаны туралы хабарларға алаңдаушылық білдірді.

XS
SM
MD
LG