Ссылки доступа

Қадыров Немцовтың өлімі және өзінің болашақ жоспары жөнінде айтты


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өлтірілген саясаткер Борис Немцовтың атынан ұпай жинау бір жыл бұрын тиімді болар еді деп мәлімдеді "Интерфакске" берген сұхбатында.

Оның сөзінше, қазір адамдар Немцовтың атымен өздерін танымал еткілері келеді. Бұрын соңды ешкім оппозициялық партиялар жөнінде, олардың лидерлері жөнінде білмеді. Енді олар барлығын жаппай айыптап жатыр деді Кадыров.

Шешенстан басшысы сонымен бірге Немцовты өлтірді деп айыпталып жатқандарға ешқашан қолдау білдірмегенін, тергеу ісі мен сот шынайы өтеді деп үміттенетінін айтқан.

Алайда ол Немцов сценариі шетелде жасалған қанды жоспардың құрбаны болды деп есептейді.

Ал Ресейдің оппозиция лидерлері Немцовтың өліміне тікелей Шешенстан президентінің қатысы бар деп бірнеше рет мәлімдеген болатын.

"Интерфакске" берген сұхбатында Қадыров отставкаға кеткен жағдайда не істейтін жоспарымен бөлісті (Оның өкілеттік мерзімі 5 сәуірде аяқталады). Оның сөзінше, тоғыз баласының тәрбиесімен айналысады және Ресей мүддесі үшін тиісті тапсырмаларды орындайды. Алайда ол егер президент Путин өтініш білдірсе, Шешенстан басшысы болып қалуға дайын екенін жеткізді. Кремль әзірге Қадыровтың отставкасы жөнінде түсініктеме беруден бас тартып отыр. Ал оппозиция болса, оның қызметінен кетуін талап етеді.

XS
SM
MD
LG