Ссылки доступа

Мигрант ұмыт қалған 520 мың рублді иесіне қайтарған


T
T

Мәскеудің "Реал гипермаркетінде" жұмыс істейтін Шерзод Насруллоев келушінің ұмыт қалдырған 520 мың рублін қайтарған. Тәжік мигранты ақшаны автотұрақтағы азық-түлікке арналған арбадан тапқан.

Насруллоев жарты миллион рубль бұл үлкен ақша, иесінің міндетті түрде қайта оралатынын білдім дейді. Ақшаның иесі қайта оралғанда Шерзод әкімшіліктің қатысуымен ақшаны қайтарып берген. "Олар маған алғыстарын білдірді. Сосын менің ұлтымның кім екенін сұрады. Мен мақтанышпен тәжікпен деп айттым",- дейді Шерзод.

Мигранттың сөзінше, ол ақшаны өзіне тығып қалдыруды тіптен ойламағанын айтады. Алдын ол дәл осылай қалдырып кеткен 60 мың долларды да әкімшілікке апарып бергенін айтады.

27 жастағы Шерзод Насруллоев Тәжікстанның Пенджикет ауданы Варзи Канд қышлағынан келіпті. "Реал-гипермаркетте" екінші жылдан бері жұмыс істейді екен.

Ресейде жүз мыңдаған тәжік азаматы жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG