Ссылки доступа

Айыптау тарабы Савченконы 23 жылға соттауды сұрады


Луганскте қаза тапқан екі ресейлік журналистің өлімі үшін айыпталған украин әскери ұшқышы Надежда Савченконы прокурор 23 жылға соттауды сұрады.

Бұл талабын прокурор Ресейде өтіп жатқан соттың жарыссөз барысында мәлімдеді. Үкім сот қос тараптың дәйектерін тыңдап болған соң шығады деп күтілуде.

Украинаның шығысында Ресей қолдау көрсеткен сепаратистерге қарсы соғысқан еріктілер батальонында қызмет еткен Савченко 2014 жылдың маусым айында тұтқынға түскен. Ол өзін сепаратистердің Ресейге ұрлап әкеткенін және түрмеге жапқанын айтқан еді.

Украин билігі Савченкоға қарсы айыптарды жала деп атап, оны әскери тұтқын ретінде жариялады.

Надежда Савченко Украинаға қайтарылмаған жағдайда сот үкімі шыққан соң 10 күн бойы аштық жариялайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG