Ссылки доступа

Блогерді діни сенімге тіл тигізгені үшін соттауда


Ресейдің Ставрополь қаласында бүгін блогер Виктор Красновтың үстінен сот басталды.

Ол ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде адамдардың діни наным-сенімін қорлады деп айыпталуда. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасына «Агора» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Павел Чиков жазды.

2014 жылы «ВКонтакте» тобындағы пікірталас кезінде Краснов «Құдай жоқ» деп жазып, Інжілді «еврей ертегілерінің жинағы» ретінде атаған. Осы сөздері үшін пікірталасқа қатысқан екі адам оның үстінен полицияға арыз жазған.

4-ақпанда сот Красновтың ісін қарауды бастаған, алайда жапа шегушілердің өздері сотқа келмей қалды. Сот олардың бүгінгі тыңдауға алып келуді міндеттеген.

2015 жылдың соңында Ресейдің Тергеу комитеті Красновқа дінге сенушілердің сенім-нанымын қорлады деген айып таққан. Мұндай баппен кінәлі деп танылған адам айыппұл төлейді және 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

XS
SM
MD
LG