Ссылки доступа

Өзбек құқық қорғаушылары халықаралық сыйлыққа ие болды


Еңбекшілердің Құқығы Халықаралық Форумы (ILRF) үш өзбек құқық қорғаушысы – Дмитрий Тихонов, Елена Урлаева және Уктам Пардаевқа халықаралық сыйлықтың берілгенін хабарлады.

Еңбеккерлердің Құқығын Қорғаушылар Халықаралық Марапаты «өзбек белсенділері жұмысының маңыздылығын, олардың жетекші рөлін, Өзбекстанның мақта өсіру саласындағы мәжбүрлі еңбек жүйесін жою жолындағы жанқиярлық еңбегі мен табандылығын» мойындаудың белгісі

Үш өзбек құқық қорғаушысы Өзбекстандағы бала еңбегін пайдалану жағдайын зерттеумен айналысқан. Қуғындаудың күшеюінен Ташкент облысы Ангрен қаласының тумасы, 42 жастағы журналист әрі құқық қорғаушы Дмитрий Тихонов Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болды. ​Уктам Пардаев және ​Елена Урлаева өмірлеріне қатер төнсе де Өзбекстанда қалып, осы елдегі адам құқығының бұзылуын зерттеп, жариялап жүрген құқық қорғаушылар қатарында.

Өзбекстандық қайсар құқық қорғаушылар 2016 жылдың мамырында Вашигнтонда марапатталады.

XS
SM
MD
LG