Ссылки доступа

Есірткі саудагері Тәжікстанның ішкі істер органдарынан қуылды


Тәжікстан ІІМ көрші Қырғызстанда есірткімен ұсталған милиция офицерінің өз қызметкері екенін мойындады.

3 наурызда министрліктің баспасөз қызметі «Иброхимов Муродали ішкі істер министрінің 2016 жылғы 9-ақпандағы бұйрығымен ішкі істер органдары қызметкерінің абыройына кір келтіретін істері үшін және қызметтік тәртіпті үнемі бұзғаны үшін ішкі істер органынан қуылғаны» туралы хабарлама таратты.

Бұған дейін Қырғыз Республикасы үкіметінің жанындағы есірткі бақылауы жөніндегі Мемлекеттік қызмет 1 наурызда арнайы операция барысында заңсыз есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Баткен облысының Жаштық ауылында «Опел Вектра» маркалы көлікті тоқтатқандарын хабарлады. Көлікті Душанбек қаласында тұратын Тәжікстан ІІМ офицері айдаған.Тінту барысында көліктен 36 келі 300 грамм «гашиш» табылған

Қырғызстанның есірткіні бақылау жөніндегі Мемлекеттік қызметтің дерегінше, былтыр Тәжікстанның 11 азаматы заңсыз есірткі саудасымен айналысқаны үшін ұсталған.

XS
SM
MD
LG