Ссылки доступа

"Норманд төрттігі" Донбаста сайлау өткізу жөнінде келісімге келе алмады


Украина, Германия, Ресей және Франция сыртқы істер министрлері негізгі мәселе - Донбастың кейбір аудандарында сайлау өткізу жөнінде ортақ келісімге келе алмады.

Германия мен Франция сайлауды 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса Мәскеу бұл ұсынысты қолдар еді, бірақ Киев міндеттемеуді сұрады дейді.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Донбаста сайлауды ұйымдастыру үшін, ең алдымен қауіпсіздік мәселесін шешіп алу керек деп мәлімдеді. Ол өзінің Твиттердегі парақшасына "әртүрлі талқылауларға назар аудармаңдар. Ешқандай шешімге келмедік. Біздің ұстанымыз — алдымен қауіпсіздік" деп жазды.

Германия СІМ Франк-Вальтер Штайнмайер өткен келіссөзді өте ауыр деп атады. Кездесуге қатысушылар Донбастағы жағдайға да, келіссөздің нәтижесіне де көңілдері толды деп айта алмаймын деді. Штайнмайердің сөзінше, қақтығысты тоқтату шарты бұзылып жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты Минск келісімі орындалып жатыр деп айтуға болмайды деп атап өтті Германия сыртқы істер министрі.

Киев пен Батыс елдері Мәскеуді Украина шығысындағы сепаратистерге қару-жарақ пен әскер жіберіп, Минск келісімін бұзып отыр деп айыптайды. Ресей болса, бұл айыптауларды мойындамайды.

Украина өз кезегінде Минск келісімінің орындалуын міндетіне ала отырып, оң нәтиже көрсете алмады. Атап айтқанда, билікті орталықсыздандыру реформасын жүргізе алмағаны айтылды.

XS
SM
MD
LG