Ссылки доступа

Сарбаз науқас анасымен кездесу үшін өзін жаралаған


Қырғызстанның Балықшы қаласы №20636 әскери бөлімнің сарбазы науқас анасымен кездесу үшін өзінің аяғына оқ атып, жаралаған.

Бұл жөнінде Орталық Азия жаңалықтар қызметіне Балықшы горнизонының прокуратурасы хабарлады.

Оқиға 2 наурызда 19.30 шамасында орын алған. Сарбаз күзетте тұрған. Ол өзі ұстаған қарудан жарақат алған.

Сарбаз осылайша, ауруханада жатқан анасына барғысы келген.

Сарбазға бірінші көмек көрсетілген. Дәрігердің айтуынша, жұлын еттері ғана зақымданған. Аталған оқиға бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

Алайда Қарулы күштердің Бас штабының баспасөз қызметі аталған оқиғаны растамады.

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Балықшы қаласының №20636 әскери бөлімінде екі әскери қызметін өтеуші мылтықтың оғынан жараланған болатын. Оның біреуі ауруханада қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG