Ссылки доступа

АҚШ: Надежда Савченко босатылуы тиіс


АҚШ Ресей ұстап отырған Украина азаматы, халық депутаты Надежда Савченконың босатылуын талап етеді.

Осылай деп АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби брифингте мәлімдеді.

"Біз бұрынғы позициямызда қаламыз. Оны босатуы тиіс. Ол ешқандай себепсіз ұсталды, біз оның үйіне оралғанын қалаймыз", – деді Кирби.

Ресейдің Ростов облысы, Донецк қаласындағы сотта судья отырысты жауып, үзіліс жариялап, жарыссөзді 9 наурызға белгіледі. Надежда Савченко жауап ретінде аштық жариялады.

Айыптаушы тарап оны 23 жыл түрме жазасына кесуін сұрайды. Савченконың өзі үкімге қарсы шағым түсірмейтінін мәлімдеді.

Савченко соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптардың ешбірін мойындамайтынын, алдағы үкімге де келіспейтінін және ресейлік сотқа да сенбейтінін айтты.

Надежда Савченконы Ресейде мемлекеттік телеарнаның екі қызметкерін өлтірді деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG