Ссылки доступа

Бобокуловаға сәбиді өлтірді деген айып тағылды


Мәскеуде метроның "Октябрьское поле" станциясының жанында сәбидің кесілген басын ұстап жүрген жерінен ұсталған Өзбекстан азаматшасы Гюлчехра Бобокуловаға бала өлтірді деген айып тағылды.

Бұл жөнінде Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді.

Аталған мекеме айыпталушының психикалық жағдайын тексеру үшін наркология-психология-психиатриялық талдауға жібергенін хабарлады.

РБК тергеу ісіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, федералды қауіпсіздік қызметі бұл істі теракт ретінде қарастырып жатқанын жазады. Қазіргі уақытта мекеменің қызметкерлері Бобокулованың азаматтық күйеуінің Ресейде тыйым салынған ұйымдарға қатысы барын зерттеп жатыр деп жазады басылым.

Айыпталушының өзі жақында Сирияны бомбамен талқандап жатқаны үшін Ресей президенті Владимир Путин үшін кек алдым деп мәлімдеген. Кремль мұны ұсталғанның "есі дұрыс емес" деп түсіндірді.

Гюлчехра Бобокулова 29 ақпан күні Мәскеу метросының "Октябрьское поле" станциясының жанында ұсталды. Оның қолында сәбидің кесілген басы болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел "Аллах Акбар" деп айқайлап жүрген. Кейін анық болғандай, ұсталған әйел төрт жастағы қыздың күтушісі болған. Тергеу ісінің алдын ала болжамы бойынша, әйел баланың ата-анасы үйінен кеткеннен кейін, сәбиді өлтіріп, пәтеріне от қойған. Бобокулова қылмыстық әрекетін мойындаған.

XS
SM
MD
LG