Ссылки доступа

Қырғызстанда қауіпсіздік комитетінде өрт шығып, 8 адам зардап шекті


Қырғызстанда 4 наурыз күні кешкісін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратынан өрт шыққан.

Өрттің шығуы әлі белгісіз, бірақ мекеменің сегіз қызметкері зардап шеккен.

Өрт кешкі 22:00 шамасында болған. Оқиға болған жерге екі өрт машинасы жіберілген.

Жедел жәрдем станциясы 8 адамның газдан уланғанын хабарлады. Оның алтауы ауруханаға жатқызылған. Қалған екеуі ауруханаға жатудан бас тартқан.

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желіні қолданушылар мекемеде жарылыс болғанын жазады. Қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов жарылысты теріске шығарды. Оның айтуынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан орын алған.

Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген. Азаттықтың дереккөзі бойынша, өрттен үш кабинет жанып кеткен.

Бұл Қырғызстанның арнайы қызметі мекемесінде орын алған бірінші жағдай.

XS
SM
MD
LG