Ссылки доступа

Түркияда 3 жастағы Айланның өліміне кінәлі деп екі сириялықты соттады


Түркия соты бес адамның өліміне себепші болды деп (оның ішінде суға батып кеткен үш жастағы Айлан Курди де бар) екі сириялықты төрт жылға бас бостандықтарынан айырды.

2015 жылы теңіздің жағалауында босқындардың Таяу Шығыстан Еуропаға бас сауғалаған кезде жан тәсілім еткен Курдидің суреті бүкіл әлемге тарап, үлкен резонанс туғызған еді.

Сириялық Муфавак Алабаш пен Асем Алфрхадты Бодрумда соттады, сол жерде сәбидің денесі табылған. Сотталушыларды адам саудасына қатысы бар деп айыптады.

Әлі күнге дейін Түркия арқылы грек аралына мыңдаған босқын келіп жатыр. Олардың дені көп жылдардан бері соғыс жүріп жатқан Сирия елінің азаматтары.

XS
SM
MD
LG