Ссылки доступа

Мұнай саласындағы қызмет көрсету компаниясының жұмысшылары жалақының төмендеуіне наразы


«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының Тechno Trading LTD мердігерлік компаниясы «тоқсандық сыйақыны төлемегені үшін» бірінші басшыны жұмыстан қууды талап етті.

Techno Trading LTD компаниясының 200 шақты жұмысшысы 4 наурызда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Жетыбай кенішінде жиналып 2015 жылға тоқсандық сыйақыларын беруді және жұмысшыларға қысым көрсеткен компанияс басшысы Әділ Ниязовты жұмыстан алуды талап етті.

Компаниядағы кәсіподақ төрағасының орынбасары Қуан Сапарбаев кәсіпорындағы жағдайдың күн сайын ушығып бара жатқанын айтады.

Techno Trading LTD компаниясы жұмысшыларының наразылық шарасына шығуы бірінші рет емес. Былтыр олар әлеуметтік талаптарымен бірнеше рет митинг жасаған. Өткен жылы осындай наразылық шарасынан соң компанияның алты жұмысшысы бірден жұмыстан қуылған.

Techno Trading LTD компаниясының Маңғыстаудағы филиалы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына тиесілі Қаламқас және Жетібай кен орындарындағы құрал-жабдықты жөндеумен айналысады. Компанияда 700 шақты адам жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG