Ссылки доступа

Әйелдерді есекке теңеген депутат мандатынан айырылуы мүмкін


Әйелдердің парламентте отыруына қарсы шыққан ирандық консерватор депутат сынға ұшырады.

Интернеттегі бейнежазбасында: «Парламент әйелдер отыратын орын емес, бұл ерлердің орны.», — деген депутат Надер Газипурәрі қарай әйелдерді есекке теңейді.

57 жастағы Надер Газипур өткен аптада Иранның парламентіне Батыс Әзірбайжан провинциясындағы туған қаласы Урмияның атынан қайта сайланған еді. Оның сөздері 26 ақпандағы парламент сайлауының нәтижесі бойынша парламентке келетін әйелдер санының рекордтық көрсеткіш - 20 адамға жеткеннен кейін айтылды.

Иранның жаңалықтар сайыт әйелдер ісі мен отбасы жөніндегі үкіметтегі Ақпараттық кеңестің жетекшісі Захра Неджадбахрамның Надер Газипурды мандатынан айыру керектігі туралы сөздерін таратты. Бұл талапты әлеуметтік желілердегі мыңдаған адам қолдаған.

Газипурдың өзі Instagram арқылы Урмия қаласының әйелдерінен кешірім сұрап, өзін Иран аятолласы Әли Хаменейдің «қызметшісі әрі жауынгері» ретінде атады. Ол бейнежазбаны жариялаған «мысықтілеулестердің» «халық таңдауына күмән келтіруді» көздейтінін айтты. Ол сонымен бірге «көзқарасын» өзгертпейтінін де мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG