Ссылки доступа

Ресей Донбасстағы кәсіпорындардың жабдығын алып кеткен


Украинаның уақытша жат қолында қалған Донецк және Луганск облыстарындағы 20 кәсіпорынның құрал-жабдығы толығымен немесе жартылай Ресейге әкетілген.

Олардың қатарында "Топаз" мемлекеттік компаниясы, Луганск патрон зауыты, Луганск машина жасау зауыты, Харцызск машина жасау зауыты бар. Бұл туралы Украина қорғаныс министрлігінің Бас басқармасының төрағасы Вадим Скибицкий мәлімдеді.

Ол 13 кәсіпорынның қүұрал-жабдығы толық тоналғанын, ал металл конструкциялық тіреулердің металл сынығына кесіліп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, Ресейдің әрекеті Украинаның шығысындағы экономикалық инфрақұрылымды талқандауға бағытталған.

Мәскееу Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдайтыны және украин жерінде ресейлік әскерилердің барлығы жайлы Киев пен Батыс елдерінің айыптауларын мойындамай келеді.

XS
SM
MD
LG