Ссылки доступа

Қырғызстан қолөнершілері Ирандағы халықаралық фестивальге қатысты


Тегеранда наурыздың 3-і мен 5-і аралығында Наурыз мерекесіне арналған қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті.

Дәстүрлі шараны мәдени мұра, қолөнер және туризм Кеңсесі және Иранның Юнеско жанындағы материалдық емес мұраны сақтау зерттеу Орталығы ұйымдастырған.

Шараға Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Индонезия, Армения және тағы басқа елдерлен келген қолөнер шеберлері қатысты. Қырғызстан атынан «CACSARC-kg» - Қырғызстандағы қолөнерді қолдау Қауымдастығының әкімшілік орталығы қоғамдық қорының және «Оймо» халықаралық қолөнер фестивалінің басшылығы қатысқан.

Фестиваль аясында этномәдени мұраны сақтау мәселесіне арналған конференция өтті. Оның басты мақсаты балаларды ұлттық қуыршақтар мен ойыншықтармен таныстыру арқылы ұлттық тарих пен мәдениетке назарын аудару.

Иранның Ұлттық мұражайында Қырғызстан қолөнершілері киізден жасалған қуыршақтар мен "оймо" стиліндегі дүниелермен таныстырған.Қырғыз шеберлерінің дүниелері фестиваль қонақтары мен дизайнерлерді өзінің бірегейлігімен, сапасы әрі бояуымен ерекше тәнті еткен.

XS
SM
MD
LG