Ссылки доступа

Әлемдік БАҚ Қазақстанның солтүстігіне "алаңдайтынын" жазды


Әлемдік басылымдар қазақстандық биліктің кейбір солтүстік аудандардағы жағдайға алаңдауы мен елдің этникалық құрамының өзгеруі жайлы жазды.

Британдық ақпарат агенттігі Reuters сайтында "Украинадан кейін Қазақстан этникалық орыстардың автономиясы басталғанына алаңдайды" деген мақала жариялады, онда Қостанайдағы жағдай сипатталады. Автордың жазуынша, демографиялық тұрғыда аймақтың украиналық Қырым түбегі мен шығыс Донбасс облысына ұқсастығы көп. Аталған жерлерде орыстілді топтар Мәскеу көмегімен Киевтің қарамағынан шыққан болатын.

Мақалада Мәскеудің Қазақстандағы сепаратизмді қолдайтыны туралы ешқандай белгі жоқ екені айтылады, бірақ Ресей мемлекетті қадағалап отырғысы келеді дейді.

Қазақстандағы орыс диаспорасы 3,7 миллион адамды құрайды және Украинадан кейінгі саны жағынан екінші орында тұр, ал елдің солтүстік және шығыс аудандарында Ресеймен байланысы зор ірі өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан.

Жапониядан шығатын Diplomat газеті "Орыстар неліктен Қазақстаннан кетіп жатыр?" деген сауалға жауап іздейді. Ширек ғасыр өткен соң, соңғы санақ бойынша, этникалық қазақтардың саны тұрғындардың 70 пайызын құраса, этникалық орыстар 20 пайыз болып шыққан.

Газет қолда бар ақпаратқа сүйеніп, соңғы бірнеше жылда "этникалық шиеленіс барған сайын маңызды мәселе болып келе жатқанын" және Ресей мен Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы кезінде "қаржылық та, этникалық та шиеленіс ушыға береді" деп қорытады.

XS
SM
MD
LG