Ссылки доступа

Қырғызстанда доллар бағамы түсіп жатыр


Бішкектегі айырбастау пункттерінде долларды 71,93 сомға сатып, 71,68 сомға сатып алып жатыр. Мұндай мәліметті valuta.kg сайты келтіреді.

Ақпан айының соңында бір доллар 75 сом болған, бірақ наурыз айының алғашқы күндерінде доллар бағамы түсе бастады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айының аяғында айырбастау пункттерінде бір доллар 76 сомға сатылды.

Алайда ақпан айының ортасында доллар бағамы бірттіндеп түсе бастады.

Ал қазір 8 наурыздағы ресми бағам бір доллар үшін 72,70 сомды құрайды.

Алдын Қырғызстанның Ұлттық банкі 2015 жылдың басынан бері доллар бағамы 58,8-ден 76 сомға жетіп, 29 пайызға өсті деп хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG