Ссылки доступа

8 наурызға — 8 метр атластан


Тәжікстанның Хатлон облысы әкімдігі 8 наурызда Аналар күніне әртүрлі салада қызмет істейтін 306 әйелге 8 метрден атлас мата сыйлады.

Хатлон облысы әкімдігінің әйелдер ісі жөніндегі бөлім төрайымы Санавбар Самиева әкімдік құттықтаған әйелдердің ішінде әртүрлі қызметтер мен саладағы белсенді әйелдер бар. Атап айтқанда олар — кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, еден жуғыштар мен аула тазалаушылар. Олардың бәріне ұлттық атлас матадан сыйлаған.

​Самиеваның айтуынша, билік осылайша әйелдердің ұлттық киімді насихаттағанын қалайды.

3 миллионға жуық адам тұратын Хатлон облысы Тәжікстандағы ең ірі елдімекен болып саналады. Олардың 49,8 пайызын әйелдер құрайды.


XS
SM
MD
LG