Ссылки доступа

АҚШ:Савченконың соты Минск келісімдерін бұзады


Надежда Савченконың үстінен болып жатқан сот пен оны түрмеде ұстау Ресейдің халықаралық талаптарды сыйламайтынын және Минск келісімдеріндегі міндеттемелеріне кереғар келіп отырғанын көрсетеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мемлекеттік департамент сайтындағы мәлімдемесінде осылай деейді. Савченконың денсаулығына алаңдаған Джон Керри: "Украинаның шығысында ұсталып, кейін Ресейге әкелінгелі 20 айдың ішінде Савченко қолда бар мәліметтерге қарағанда бірнеше мәрте тергеліп, абақтыда жалғыз отырған және оны күштеп психиатрдың тексеруінен өткізген", – деп мәлімдеді.

Америкалық мемлекеттік хатшы өз мәлімдемесінде кезекті рет Ресейді шұғыл түрде Савченконы босатып, Украинаға қайтаруға шақырады.

Мұның алдында Еуропалық одақ та Ресейге Савченконы босату туралы үндеу жолдаған еді. 7 наурызда жарияланған мәлімдемеде "Савченконың азат етілуі Минск келісіміндегі шараларды жүзеге асыруға сай келетіні, оның ішінде Украинаның шығысындағы қақтығыс барысында қолға түскен кепіл адамдар мен заңсыз темір торда отырғандарды босатуға қатысты міндеттемелердің орындалғанын білдіретіні" туралы жазылған.

XS
SM
MD
LG