Ссылки доступа

Заңсыз валюта айырбастағандар 9 жылға сотталады


Бүгін Тәжікстан парламенті қылмыстық Кодекс пен әкімшілік заң бұзушылықтар туралы Кодекске енгізілген шетелдік валютаның заңсыз айналымымен айналысқандарды 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы түзетулерді мақұлдады

Бұған дейін шетелдік валюталардың заңсыз саудасымен айналысатындарды қатаң жазалау туралы ұсынысты Тәжікстан Ұлттық банкі жасаған еді. Заңға енген түзетулердің мақсаты - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының көтерілуіне жол бермеу.

Тәжікстан президенті үкіметтің қаржы-экономикалық блогымен өткізген жиналыста ұлттық валютаның шетелдік валютаға қатысты бағамының ішкі валюта нарығындағы төмендеуін соған мүдделі жекелеген топтардың қолымен жасалған іс деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG