Ссылки доступа

Путин қырғыз жігітінің ерлігін мойындады


Ресей президенті Владимир Путин қырғызстандық Марат Исаевты Мәскеу метросындағы платформадан пойыз жолына құлап кеткен әйелді құтқарып қалғаны үшін марапаттайды. Бұл ақпаратты «Азаттыққа» Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі растады.

Әзірге Марат Исаевтың қандай марапатқа ұсынылғаны белгісіз.

Марапаттау күні де белгісіз. Елшілік өкілдері тек жақын күндері болуы мүмкін дегенді хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпанда Мәскеу метросының «Красносельская» бекетінде полиция қызметкері мен екі жолаушы рельске құлап кеткен әйелді құтқарып қалған болатын.

Осы оқиғадан соң президент Алмазбек Атамбаев Исаевқа әйелді құтқарудағы ерлігі мен қайраты үшін сағат сыйлаған болатын. Бұдан кейін Королюк және Исаевты Мәскеу мэрі Собянин марапаттады

XS
SM
MD
LG