Ссылки доступа

Кремль Путинге санкция салуға шақыруды жол бергісіз деп атады


Кремль Еуропарламент депутаттарының Савченко ісіне бола Владимир Путинге санкция салуға үндеуі жол берілмейтін нәрсе деп атады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украин ұшқышына қарсы сот толықтай Ресей заңдарына қатысты өтіп жатыр, оған әлдекімдердің араласуына жол берілмейді деп мәлімдеді.

Песков сол себептен де Савченкоға қатысты сот ісіне түсіктеме бермейтінін жеткізді. Савченконы Ресей азаматтарымен айырбастау жөнінде ұсыныс болды ма деген сұраққа, Песков бұл жәйттен хабарсыз екенін айтты.

Алдын Ресей СІМ өкілі Мария Захарова Савченкоға қатысты келіссөз болмағанын және сот шешіміне дейін болмайтынын мәлімдеген.
Ростов облысындағы Донецк қалалық соты украниалық ұшқыш Надежда Савченкоға қатысты сот үкімін 21 наурызға белгіледі.

XS
SM
MD
LG