Ссылки доступа

Өсек үшін өлтіру


Қырғызстанның Узген ауданы, Дон-Булак ауылында ер адам өзінің әйелі жөнінде өсек таратқаны үшін 17 жастағы туысының мойнын пышақпен кесіп тастаған.

Бұл жөнінде Орталық Азия жаңалықтар қызметіне Ош облысы ІІБ баспасөз хаьшысы Жениш Ашырбаев мәлімдеді.

Оның дәйегінше, оқиға 7 наурыз күні түнде болған. Қылмыскерлер түнде, қыз ұйықтап жатқанда терезесінен кірген. Қылмысқа қатысы бар деген 22 және 24 жастағы екі күдікті ұсталған. Оның біреуі марқұмның туысы болып шыққан.

Аталған оқиға бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалған. Тергеу ісі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG