Ссылки доступа

Футболдан Қырғызстан құрамасы Тәжікстанмен кездесуге дайындалуда


Қырғызстанда футболдың құрама командасының кеңейтілген тізімі жасалды. Олар 19 наурыздан бастап 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктелу кезеңі аясында Тәжікстан тобымен ақтық жарысқа түсу үшін дайындықтарын бастайды.

Әзірге үміткерлер тізімінде 34 адам. Бірақ дайындық жаттығуларына тек 23 футболшы ғана іріктеледі.

Үміткерлер тізімі төмендегідей: – Матяш Павел («УиТМ», Малайзия), Амиров Руслан («Алга»), Акималиев Калыс («Абдыш-Ата»), Кашуба Валерий мен Зинченко Максим («Дордой»).

Қорғаушылар тізімінде Байматов Азамат («Ситра», Бахрейн), Козубаев Тамирлан («Ягодина», Сербия), Кичин Валерий («Тюмень», Ресей), Майер Виктор («Меппен», Германия), Умаров Акрам («Крумкачы», Беларусь), Самсалиев Талант, Шератов Курсан, Шакиров Шерзот және Тэго Дэниел («Дордой»), Алимов Ильяз пен Рустамов Турсунали («Алай») бар.

Жартылай қорғаушылар – Дуйшобеков Бахтияр («Крумкачы», Беларусь), Мусабеков Фархат («Академия», Молдова), Бернхардт Эдгар («Аль-Оруба», Оман), Исраилов Ахлидин («Динамо-2», Украина), Землянухин Антон («Сисакет», Тайланд), Сыдыков Азиз, Шамшиев Ислам, Жыргалбек уулу Кайрат, Сагынбаев Бекжан және Откеев Авазбек («Дордой»), Сидоренко Павел және Амиров Ильдар («Алга»), Мурзаев Мирлан («Афжет Афьонспор», Туркия).

Шабуылдаушылар - Люкс Виталий («Унтерхахинг», Германия), Тэтте Дэвид және Левченко Роман («Дордой»), Боколеев Абай («Миласспор», Туркия), Филатов Иван («Сохар», Оман).

Тәжікстанға ұшатын футболшылардың нақты тізімі тек оқу-жаттығудан кейін белгілі болады.

XS
SM
MD
LG