Ресми мәлімет бойынша, Дэвид Кей Душанбеге 3 наурызда Тәжікстан үкіметінің шақыртуымен келген. Ол ресми билікпен және үкіметтік емес қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.
Баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде ол елде оппозициялық партияны қуғындап, қысымның көбеюіне алаңдаушылығын білдірді. Ол сонымен бірге интернет сайттары мен мобилді байланыстарды бұғаттау тәжірибесін де еске салды.
Тәжікстанда 22 мамырда Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өтеді. Онда Тәжікстанның қазіргі басшысына шексіз билікте отыру мүмкіндігі берілген.