Ссылки доступа

Қырғызстанда экстремизмге еліткен әйелдер қатары көбеюде


Қырғызстан ішкі істер министрлігі елде экстремизмге ерген әйелдер санының өсіп бара жатқанына алаңдаулы.

Қырғызстан ІІМ басшысы Мелис Тұрғанбаев бүгін Баткенде өтіп жатқан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы форумда соңғы он жылда экстремизмге қатысы бар әйелдер санының көбейіп кеткенін мәлімдеді. Министр келтірген дерек бойынша, олардың орта жасы 22-25 жас. Ол |Баткен облысынан Сирия мен Иракқа 40-тан астам адамның кеткенін, 10-ы қаза тауып, тағы төртеуінің Қырғызстанға қайтып келгенін айтты.

Қырғызстан билігінің дерегінше, Сирия мен Иракта экстремистер қатарын толтырған Қырғызстан азаматтарының саны 500-ден асады. Сирия мен Иракқа кеткендердің көбі Ош, Баткен және Жалал-Абад облысының тумалары. Бейресми мәлімет бойынша, Сирияға соғысуға кеткен Қырғызстан азаматтарының саны мыңға жетеді.

XS
SM
MD
LG