Ссылки доступа

Sky News ИМ содырлары туралы мәліметке қол жеткізді


Телеарна құжаттарды ИМ-нің бұрынғы мүшесі, ұйымға наразы бұрынғы содырдан алғанын айтады. Құжаттарды берген адам оны "ИМ-нің ішкі қауіпсіздік полициясы басшысынан ұрлап алғанын" айтқан.

Sky News мәліметінше, құжаттарда 51 мемлекеттен шыққан содырларға қатысты ақпарат бар. Телеарна құпия мәліметтер жайлы Ұлыбритания билік орындарын хабардар еткен.

ИМ құжаты жайлы ақпаратқа қатысты Ұлыбританияның не ішкі істер министрлігі, не сыртқы істер министрлігі әзірге түсінік бермеді.

Sky News көрсеткен құжат көшірмелерінде содырлар қатарына тартылған адамдардың 23 сұраққа, оның ішінде қан тобы, анасының үйленбей тұрған кездегі тегі, "шариғатты түсіну деңгейі", бұған дейінгі тәжірибесі сияқты сұрақтарға жауап бергені көрінеді.

Құжаттарды флэш картаға Абу Хамед деп аталатын, ИМ қатарына өтіп кеткен Ерікті Сирия армиясының бұрынғы сарбазы енгізген. Кейін ол "ИМ-ге кіруге жігерлендірген ислам құндылықтары ұйымда атымен жоғына" көңілі қалғанын айтқан.


XS
SM
MD
LG