Ссылки доступа

Қырғызстан Global Money Week науқанына тағы қосылды


Қырғызстанда азаматтардың ақша сақтау мәдениетіне және қаржылық мәселені өздерінше шешуге үйрететін "Бүкіләлемдік ақша апталығы" ғаламдық кампаниясы осымен екінші рет өткелі жатыр. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ұлттық банкі хабарлайды.

Осы жылы акция 14-мен 22-наурыз аралығында өтеді. Шара аясында барлық аймақтарда интерактивті білім беру, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қаржылық мекемелерге экскурсия, жастарға және балаларға арналған байқаулар өткізіледі.

Ұлттық банк өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, бұл кампанияның азаматтардың қаржылық сауаттылығын ашуда қаншалықты маңыздылығы жөнінде халықаралық тәжірибелермен бөлісуді жоспарлап отыр.

Global Money Week ғаламдық кампаниясы Child and Youth Finance қауымдастығының қолдауымен жыл сайын әлемнің жүзден астам елдерінде өтеді. Акцияның басты мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын көтеру.

XS
SM
MD
LG