Ссылки доступа

Путиннің бұрынғы жақтасы Михаил Лесин бас жарақатынан көз жұмған


Былтыр қарашада АҚШ-тың астанасында өлі денесі табылған Ресейдің бұрынғы ақпарат министрі Михаил Лесин "басына тиген күшті соққыдан" көз жұмған.

Вашингтондағы бас сот-медициналық сарапшысының Кеңсесі 10 наурызда Лесиннің өліміне әкелген өзге жайттар ретінде мойын, кеуде, аяқ-қолына тиген күшті жарақаттарды атаған. Бұл туралы өкіл Азат Еуропа/Азаттық радиосына хабарлады.

Мәлімдемеде істің әлі аяқталмағаны айтылған. 5 қарашада Вашингтондағы Dupont қонақүйіндегі бөлмеде Лесиннің өлігі табылған соң, ол федералды тергеу бюросына көмектесуді ұйғарғаны үшін өлтірілді деген жорамал туды.

Ресейдің ақпарат және баспасөз министрі ретінде 1999 және 2004 жылдары істеген Лесин Кремльдің бақылауындағы Газпром-Медианы басқарды және ағылшын тілінде хабар тарататын Russia Today жаңалықтар телеарнасын құруға көмектесті.

Лесин 2015 жылы 5 қарашада Вашингтонның орталығында қаза тапты.


XS
SM
MD
LG